ҮКІНІҢ МӘНІ МЕН СӘНІ - Kazakh TV

 

Халқымыз оның қауырсындарын қастерлеп ежелден бесікке, домбыраға, кəделі бас киімге, ұзатылатын қыздардың жасауына тағып қоятын наным-сенім қалыптасқан. Себебі, ол тағылған бұйымдарға пəле-жала жоламайды. Керісінше, бақыт, олжа жəне жақсылық əкеледі деп оған аса мəн береді. Ұзатылатын бойжеткенге күйеубаланың ата- анасы құда түсіп, үкі тағу дəстүрі де бар. Тіпті тұрмыс құрған қыз өзінен кейінгі бойжеткен сіңлілеріне, құрбыларына «үкілі үміттеріңді үзбеңдер» деген ізгі ниетпен оларға үкі таратып берген көрінеді. Оны қазіргі кезде де қыз ұзату тойларында көруге болады. Оған қатысты салт-дəстүрлер мен əдет- ғұрыптар да жеткілікті.

Бұл жайында Қызылорда қаласының  тұрғыны, ақ жаулықты ана Тынымкүл Мұстафақызы:

– Жыртқыш құстың өткір тырнақтары бар саусақтарын тіл-көзден қорғайды деп, балалардың бесігіне тағу ғұрпы сақталған. Оны «үкіліаяқ» деп атайды. Ертеде сыйлы жəне құрметті адамдарға оны сыйлау дəстүрі де болған. Бұл құстың сыртқы сымбатты көрінісіне сүйсініп, сүйкімділіктің жəне əдеміліктің белгісі ретінде «үкідей үлбіреген» деген сөз тіркестері айтылып жүр.

 

Ал, көзі үлкен адамдарды «үкілі көз» деп атаған. Біздің үйдегі бесіктің өзінде əлі күнге дейін үкі тағулы тұрады. Өзім оған қатты мəн беремін, – деді. Аталмыш қанатты түнде жəне ымырт мезгілінде белсенді əрекет жасап, қорегін аулауға кіріседі. Мамықты қауырсын əсерінен оның ұшқаны білінбейді. Жыл он екі ай бір орында қоныс аудармай тіршілік ететін отырықшы құс. Қазір үкі саны аз көрінеді. Қызыл кітапқа саны күрт азайып бара жатқан түр ретінде тіркелді. Ол еліміздің көптеген табиғи қорықтарында, саябақтарында қорғауға алынды. 1949 жылдан бері Алматы хайуанаттар бағында қолда өсіріліп келеді. Бұрындары ата-бабамыз оны ұстап алған соң бірнеше шоқ үкісін алып, жақсылап қоректендіріп, табиғатқа қайта жіберіп отырған екен.

 

Ал, той соңында қызына сəукелесін кигізіп, шығарып салған анасы «жұптық өмірі балдай болсын» деп балдан дəм татқызды. Одан соң, «жолы əрқашан ақ болсын» деген ниет- пен ағарған ішкізді. Салт-дəстүр мен тəрбиеге қатысты өз ойын жазып, айтып жүретін қазақтың қаһарман ұлы, жазушы Бауыржан Момышұлының келіні Зəйнеп Ахметова да үкіге қатысты мəселені жиі көтеріп келеді. «Ұлттық тəрбиені ұрпақтың санасына сіңіріп, жастардың жүрегіне жеткізудің жолы өз қолымызда. Əйтпесе, ұзатылар қыздың үкіні сіңлілеріне беретін əдемі дəстүрін құрбыларына гүл лақтырумен алмастыруы əдетке айналып барады. Тойда келіншек қолындағы гүлін лақтыратынды шығарған. Оның артына əлі тұрмыс құрмаған қыздар қатар тізіле тұрып, гүлді қағып алуға таласады. Ұят емес пе? Бұл тарихта болмаған. Қазақта ұзатылған қыз үкісін соңынан ерген қыздарға бөліп беріп кеткен. Себебі, ол енді үкілі қыз емес. Қарап отырсаңыз, бізде салт-дəстүрдің бəрі бар. Тек соны бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау қажет», – дейді батырдың келіні. Əр қазақтың шаңырағында той əртүрлі өтеді. Əйткенмен, қазақы салт-дəстүрді сақтағанға не жетсін...

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер