Іскерлік әлемде «Зона конфорта» деген ұғым бар. Басқа тұрмақ  күпісінде сарымен «охрана» деген жазу бар күзетші қазақ жігіттерінде өзінің «ыңғайлы аймағы» бар. Бірмезгіл ішетін тамағын арқалай шығып, бір тәулік бір мекеменің есігін торуылдаса, екі күн үйде жатса болды. Жалқаулығы одан басқаға жар бермейді. Ол жалақысына (жалшы ақысына) бойдақ күнде жан бағар, отбасы болғанда әлгі марғау мамандығы, 120 мың теңге жалақысы күн көрісіне жетпейді. Біреудің босағасын жалдап, несиеге кіріп, одан шаңырағы шайқалып жататын үлестің де негізге бөлігі өз ұлтымызға тиесілі.

         Неге біз осыншалық  іске қырсызбыз? Неге бізде жалқаулық басым? Осы мінезден қалай құтылуға болады деген?,- сан сауалдың жауаптарын іздеп жүріп ғаламторда  кәсіпкер Брайан Трейсидің пайымына кезіктім. Көпшіліктің алдына шығып ақыл айтатын талай бизнес-тренерді тыңдадым. Деседе дәл Брайандай дәлдеп айтқан ешқайсысы болмады. Бай мен кедей дейтін ұғым  материалдық өлшеммен екшелетін болса, соның арғы жағын басқарып тұратын адамның ақылы мен мінезде, қасиетінде айырма бар. Сол ерекшеліктер сіздің бұл өмірдегі әлеуметтік ахуалыңызды айшықтайды. Қалғанын өзіңіз тыңдаңыз, ой таразыға салып теңшеңіз, байлам жасаңыз. Бастысы, бейқам болмайықшы.  

Нұрлан Қазиұлы

  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер