12 жасында жоғары оқу орнына түскен қазақстандық вундеркинд

12 жасында жоғары оқу орнына түскен қазақстандық вундеркинд

«Келешекте еліме пайдасы тиетін үлкен жаңалық ашқым келеді», - дейді Абзал Мырзаш. Болашақ ғалым келешекте бүкіл қызметті роботтар атқарады деген сенімде. Сол арқылы, адамдардың бос уақыты көбірек болады деп есептейді. Қазақстандағы вундеркинд баланың 12 жасында бакалавр, 17 жасында магистр, 18 жаста PhD доктор атануға мүмкіндігі зор. Осы баспалдақтарды ол әлемдегі ең сұранысқа ие IT саласында жүріп өтуді мақсат етіп отыр.  Ол өзін әлемнің жаңа буынына айналдырып, өзгелерден бір қадам алда жүріп келеді. Неге десеңіз, Абзал Мырзаш туралы біз келтірген 10 дерекке назар аударыңыз!

 

АБЗАЛ МЫРЗАШ ТУРАЛЫ 10 ДЕРЕК

 

1.  Қазақстан тарихындағы ең жас студент. 12 жасында ЖОО түсті.

2.  Бірнеше дүркін химия, физика, математика пәндерінен республикалық олимпиадалардың жүлдегері.

3.   Абзалдың ата-анасы 4 сынып оқып жүргенде балаға мектеп бағдарламасы қызық емес екенін байқап, 5-ші сыныпқа аттаттырады. Кейін дәл осы жағдай бірнеше рет қайталанып, яғни сыныптарды аттап оқып, мектепті небары 12 жасында үздік бітіріп шығады.

4.  12 жасында ҰБТ-дан 117 бал жинап, мемлекеттік білім грантын жеңіп алған.

5.  Бірнеше университеттен «Біздің студент бол!» деген ұсыныстар көптеп түссе де, оның таңдауы Қазақ-Британ техникалық университетіне түседі.

6.  Университеттің 4 жылдық бакалавриатын 2-3 жылда бітіріп шықсам деген ойы бар.

7.  Білім және ғылыммен айналысып қана қоймай, спортпен шұғылданады, әсіресе, боксты жақсы көреді.

8.  Сүйікті жазушысы – Мұхтар Әуезов.

9.   Марк Цукерберг, Билл Гейтс сияқты компьютерлік әлемнің дамуына үлес қосып, өзі оқып жатқан «Ақпараттық технологиялар» мамандығын елімізде дамытқысы келеді.

        

10.  АҚШ мемлекетіне магистратураға түсіп, шетелде оқып келіп, Қазақстанда еңбек еткісі келеді.

 

Абзал Мырзаш туралы толығырақ ЖАҢА БУЫН бағдарламасынан тамашаласаңыздар болады.

 

Дайындаған: Гүлниса Алдажар