ТӨРТ ҚҰБЫЛАСЫ ТЕҢ КІМ БАР ЕКЕН?

ТӨРТ ҚҰБЫЛАСЫ ТЕҢ КІМ БАР ЕКЕН?

Әз Жәнібек хан жолда шашы қара, сақалы ақ біреуді көріп, жанындағы Жиренше шешеннен:

-Мынаның мәнісі не ?- деп сұраса керек.

-Түзде тебінген, үйде кейіген, аты шабан, қатыны жаман бір бейбақ қой,- деп Жиренше шешен аяушылық білдіріпті.

Үйден шыққалы әлденеге іштей ренжіп, тұнжырап келе жатқан Әз Жәнібек хан одан әрі:

-Шешен, бұл дүниеде кімнің төрт құбыласы тең ?- депті.

Сонда Жиренше шешен:

-Бұл дүниеде түзу мылтығы, қыран құсы, жүйрік аты бар, мінез-құлқы дұрыс қатыны бар ердің төрт құбыласы тең, Жауы үйде, досы түзде ханнан қайғылы кім бар дейсіз ?!- деген екен.

Жамбыл Артықбаев