ТЕКТІНІҢ ТЕГІ

ТЕКТІНІҢ ТЕГІ

«Шешен, ділмәр айтқан сөзіне кез-келген адамды иландырып жіберетін Алаш ардақтысы Әлімхан Ермектің тегінде мықтылық қайдан жүр?», - деп ғылыми-тарихи кітаптарды біршама ақтарып, зерттедім. Күн көсем Лениннің өзіне сөзін тыңдатала алған мықтылық Әлімханның атасында жатыр екен.  

            1846 жылы Қарқаралы маңындағы Қоянды жәрмеңкесін ұйымдастыру туралы кеңесіне Құнанбай, Алшынбай,Ермек, Жанқұтты қатысқан. Осы кеңесте Ермек Жиынбайұлы Қарқаралыда шығыс пен батыс, оңтүстік пен солтүстік елдермен сауда-саттық дамытуды қолдағандар қатарында болып, осы өңірде жәрмеңке ашуға өзінің үлесін қосады. 1847 жылы 25-мамырда Қарқаралы қаласынан 50 шақырымдай жерде, Талды-Қоянды өзенінің бойында осы өңірдегі алғашқы жәрмеңке ұйымдастырылады. Жүз жылдай тарихы бар (1847-1930) Қоянды жәрмеңкесіне Сібір, Омбы, Түмен, Петербор, Мәскеу сияқты қалалардан Қытай, Орта Азия елдерінен, саудагерлер ағылған. Осылайша Қарқаралы, Сарыарқа өңіріндегі мәдениет, ғылым, білім, сауда ордасына айнала бастайды. 

        Тағы бір қызықты дерек. 1873 жылы Құнанбай мен Ермек Меккеге сапар шеккен. Абайдай ұлы ақынды өмірге әкелген Құнанбай қасына алыс жолға кім  көрінгенді ертпейтіні белгілі. Меккеге қажылыққа баруға қазақ елінде ол кезде санаулы ғана адамның қаражаты жететін. Алайда жолшыбай Ермек қатты сырқаттанып, Мединаға жетіп дүниеден өткен. Сол Ермектен туған Әбеу уақытында болыс болды, хат таныды. Әлімханның текті болуында осындай заңдылық жатыр. 

 ЫҚШАМДАҒАН НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Өскембаевтың «Тұлға тағылымы» кітабынан үзінді