ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Ыбырай Алтынсарин халық мектебін ашуға елден қаражат жинап жүрген кезінде бір мақтаншақ байдың үйіне кірмей, өтіп кетеді. Әлгі бай оның соңынан қуып жетіп:

-Шырақ, біздің үйге неге кірмедің? Немене, мені бес - он  тиын бермейді деп ойлайсың ба? – дейді.

Сонда Ыбырай:

 -Сіздің  бүгін  бес- он  тиын беріп, ертең мен жоқ  жерде он бес сом бердім деп халыққа өтірік айтып, мақтанатын, әдетіңізден қорқып, кірмей кеттім, - деп жүре беріпті.

«Тарихи тұлғалар туралы аңыз» кітабынан

Ықшамдаған МАНАРБЕК  ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ