ШӘМШІНІҢ ЖАУАБЫ

ШӘМШІНІҢ ЖАУАБЫ

Жолы түсіп Келеске келсе кәсіпкер інісі Баймұрат Байназаров қарсы алып, құрақ ұшып құрмет көрсетеді. Шай үстінде бір егде кісі: 

– Шәмші шырағым, сен неге коммунист емессің? – деп сұраса:

– Коммунист пен капиталистің айырмашылығы неде? – деп өзіне қарсы сауал тастапты.

Табан астында тауып сөйлеп, не дей қойсын. Әлгі кісінің мүдіргенін білдіртпей Шәмші аға өз сұрағына өзі жауап беріпті.

– Баяғы заманда «Барлық коммунист халықты ойлайды. Ал, барлық капиталист өз қамын ойлайды» деуші еді. Бірақ бір қызығы сол – барлық коммунист капиталист болғысы келеді. Бірде-бір капиталистің коммунист болғысы жоқ, – депті.

Шындық па? Солай.

КӨПЕН ӘМІРБЕК