«Бір уақытта алдымыздағы трибунаға Қазақ КСР Прокуроры шығып, «Тараңдар! Партия өзі шешеді!»,- деп жиналған топты тарқатуға тырысты.» «Партия өкілдері халықтың пікір тыңдап санаспақ түгіл, өздерінің принциптеріне жат әрекеттерге барды. Түс ауа әр топтан бір-бір адам келгендердің тізімін жазып алып, ортаға шықсын деген ұсыныс түсірді. Әлі де болса партияға сенетін аңғал халық өз қолдарымен тізімдерін жасап, бір адамды өз өкілдері ретінде үкімет адамдарына жіберді.Қайран ақкөңіл халық, тағыда алданғандарын,өздері жіберген өкілдерінің қолын қайырып алып бара жатқанын көргенде ғана аңғарды.Осылайша бейбіт шерудің , аласапыран айқасқа ұласуына себепші өздері болды»,- деп еске алады Сартолов Қанат.

        Сол жиналған халықты алдына көптен бері ел үшін игі істер атқарып келе жатқан Д.А.Қонаев шығып сөйлегенде, кім біледі, мүмкін ешбір қантөгіс болмас еді, жазасыз қиылған жас тағдырлар аман қалар еді, соққы көріп, азап шеккен жастар осыншама қиналмас та еді?!

       Алаңда Д.А.Қонаевты көреміз деп отырған жастар, Үкімет үйінде не болып жатқанынан бейхабар еді. Оқиға басылғаннан кейін Геннадий Колбин «Орталық Комитетке келгенімен, алаңға жиналғандар алдына шығып сөйлеуден үзілді-кесілді бас тартты» деп Дінмұхамед Қонаевқа айып таққысы келгені мәлім. Алайда 1990 жылы «Бірлесу» («Единение») газетіне берген сұқбатында Дінмұхамед Қонаев болған жайды басқаша баяндайды:

       «Орталық Комитеттің мәжіліс залында үш сағат күтіп отыруға тура келді. Алаңдағы жастар тағдыры Мәскеу мен Геннадий Васильевич Колбиннің кабинетінде шешіліп жатты… Арада үш сағаттан кейін маған Виктор Мирошник келіп, кете беруіме болатынын айтты. Түсіне алмай: «Сонымен мен сөз сөйлемейтін болдым ба?» деп қайта сұрадым. Осы үш сағат ішінде алаңға жиналған жастарға айтар сөзімді жұптап та қойған едім. Олардың әрбірінің жандарына жылы тиетін, бірақ қатаң да шешімді сөз айтпақ болдым. Олармен коммунист және ақсақал ретінде сөйлесейін дегенмін. Бірақ Виктор Михайлович мені өзі үйге жеткізіп салатынын, үйден шықпағаным дұрыс болатынын қайталап айтты. Келгеніме тағы да рахмет айтты. Толқып тұрғанымды байқап қалып, менің бұл іске қатысуымның қажеті жоқтығын қайталап түсіндірумен болды. Сөйтіп, мен шын мәнінде үйқамаққа алынған болып шықтым…»

ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер