ШӘ....ШӘ... ШӘМШІ!

ШӘ....ШӘ... ШӘМШІ!

Сары «Жигулиімен» салып ұрып Шым-кентке келген Шәмші ақын інісі Исрайыл Сапарбаевты күтіп көшеде тұрса, екі МАИ қызметкері ентелеп:

– Тоқтамайтын жерге тоқтап, көше тәртібін бұздыңыз. Талоныңызды әкеліңіз, тесемін! – дейді.

Қажымұқанның тышқаннан қорық-қаны сияқты Шәмші әзіл-шыны аралас «Мен екі-ақ нәрседен қорқам: Өзбекәлі Жәнібековтен және мілисадан» дейді екен. Тілінің тұтықпасы бар, сәл-пәл кекештеніп сөйлейтін Шәкең қызыл жағалыларды көргенде:

– Шә... шә... шә! – дейді сасқалақтап. Екі «мілиса»:

– Ей, неге боқтайсың? – деп дүрсе қоя береді. Дәл осы сәтте келе қалған Исрайыл інісін арқаланып:

– Шә... шә... шә! – дейді Шәмші.

– Мынау бізді шымкентшілеп тағы да боқтап жатыр ғой!

Исрайыл ибалы сөзімен:

– Жігіттер, бұл кісі Шәмші Қалдаяқов қой, танымай қалдыңдар ма? – дейді. Екі МАИ аң-таң:

– А? Ассалаумағалейкум, аға!

Екі «мілисаның» жаймашуақ ықыласы-на жайылып түскен Шәкең:

– Мен... мен... Шә... шә... Шәмші Қалдаяқов дейін десем... Қалдаяқовқа жете алмай қор болдым ғой! – депті.

Көпен ӘМІРБЕК