Ғасыр басындағы қазақ басылымдары авторларының бәрі дерлік бүркеншік аттарды пайдаланған. Мысалы, Әлихан Бөкейхан – Ғ.Б., Ұ., Әлихан деп қол қойған. Дегенмен, оның «Қазақ» газетінде пайдаланған негізгі псевдонимі «Қыр баласы». Ахмет Байтұрсынұлы – А.Б., А.А.Б.; Міржақып Дулатұлы – М.Д., М., Арғын, Мадияр, Азамат Алашұлы, Мирякуб, Таймінер; Мағжан Жұмабайұлы – М.Ж., Жәжеке, Мыж-мыж, Балапан, Сахаразада – деп өздеріне ат қойған. Өз аттары мен фамилияларының бас әріптерін қойғаны немесе өздерін «Қыр баласы», «Азамат Алашұлы» деп атағандары түсінікті болса, «Таймінер», «Жә­жеке», «Мыж-мыж» деген аттарды не себептен алғанын білу, әрине, мүмкін емес. Жалпы, біздің қазақ зиялылары өздеріне бүркеншік ат ойлап табуда үлкен тапқырлық танытқан сияқты.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер