Автобусқа екі қыз қатар кіреді. Екеуі орындықта отырған əжейдің қасына келіп жайғасады. Сампылдап сөйлеп кірген қыздың бірі екіншісіне:

- Ажал, үйдегі өлікті не істейміз?- деп сұрапты. Екіншісі шімірікпестен:

- Шіріп кетпей тұрғанында майдалап турап, қайнатып, асықпай жеп алайық,- депті. Мына сұмдықты естіген əжейдің зəресі зəр түбіне кетіп, орнынан атып тұрып, шопырға айқайлап автобусты тоқтатып, үйіне жетпей түсіп қалыпты.

Сөйтсе, əлгі екі қыздың бірінің тілі р-ға келмейді екен ғой)))

Almat Rahimbekov ағамыздың парақшасынан

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер