Мына қызықты қараңыз. Қазақстанның солтүстік облыстарын Лениннің алдында дәлелдеп алып қалған Әлімхан Ермековке әрқилы жала жабылып 1930 жылы қамалады. Оны күзетшілер поезбен өзге қалаға апара жатқанда Әлімхан аға көрші купедегі студенттерге отбасына қамалып бара жатқандығы жөнінде хат жазып ұстата қояды. Арада 20 жыл өтіп, Әлімхан ақталғанда Алматыда Дінмұхамед Қонаев оған пәтер бергізеді. Үй бергеннен кейін Әлекеңді қабылдауына шақырады.

"-Әлеке, мені сіз танымайтын шығарсыз. 1930 жылы сіз қамауға бара жатқанда хатты менің қолыма ұстатып едіңіз.Ол кезде студент едім. Сіздің сол аманат хатыңызды Рахия жеңгемнің қолына бердім"-деп Димекең Әлекеңе өткен оқиғаны еске салыпты.

 Не деген сәйкестік десеңізші?!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер