1925 жылы Мұхтар Әуезов пен Әлкей Марғұлан Ленинградқа (қазіргі Санкт-

Петребург) оқуға бірге аттанады.Екеуі де Шығыс институтының филология

факультетіне түседі. Оқып жүргенде екеуі бір сыған әйелге бал аштырыпты.Әлгі әйел Әлкейге:

       -Әлемге әйгілі ғалым боласың,еліңе қадірлі боласың,- депті.

«Мен ше?»,-деп сұраулы көзбен қараған жазушыға:

       -Сенде әлемге әйгілі жазушы боласың, ажалың

пышақтан болады,-деген екен.

Содан Мұхаң өмір-бақи пышақтан сақтанып  жүріпті. Мұхаңның алдындағы табақтан ет турап жатқандарға «әй, ана пышағыңды әрі алып кетші сумаңдатпай, немесе табақты анда апарып, турап алып келіңдер»,- дейді екен. Сол айтқандай, Мұхтар Әуезов 1961 жылы 27 маусымда Мәскеудегі Кремль ауруханасында ота жасау кезінде,пышақтан қайтыс болды.

БОЛАТ ОМАРАЛИЕВ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер