ШӘМШІМЕН ТАНЫСҚАН «ШӘМШІ»

ШӘМШІМЕН ТАНЫСҚАН «ШӘМШІ»

 

      Композиторлар Әбілахат Еспаев пен Шәмші Қалдаяқов күннің ыстығында Алматыдағы парк ішіндегі сыраханада сыра ішіп отырса,жандарына бір ұзын бойлы ажарлы жігіт келіп:

-Жігіттер мен Шәмші Қалдаяқов едім. Бас ауырып тұр, маған да сыра алдырмайсыңдар ма,-депті.

       Сонда Шәмші ағамыз орнынан ұшып тұрып:

-Өте қуаныштымын Шәмшіні көргеніме, қазір деп, екі крушка сыра әкеп, әлгінің алдына қойыпты.Әлгі жігіт қарап отырмай ыңырана сөйлеп:

-Танысып қоялық,-депті.

Сонда Шәкең:

-Мына кісі Әбілахат Еспаев деген композитор,мен болсам музыка академигі Ахмет Жұбановпын депті. Әлгі бұлардан күдіктеніп орнынан тұрыпты да,шығып кеткен.

       Сәлден соң Әбілахат ағамыз,Шәмшіге ренжіп:

-Баяғыда сүйегі қурап қалған  Ахаңда нең бар,өзіңнің аты-жөніңді айта бермедің бе?-деп назын айтқан.

Сонда Шәкең:

-Менің аты-жөнімді анау алып қойған жоқ па?Қалай айтам?,-депті.

БОЛАТ ОМАРАЛИЕВ