- Әжем де, анам да бейнеттен бел жазбады. Таң азаннан сиыр сауып, мал жайлап, қазанға сүтін пісіріп, көрпе-төсенішін көктеп, балаларын өсіріп, ел қатарына іліктірді. Сөйте тұра, ақ жаулығына кірбік кір жұқпай өтті. Өскенде әжеме әдемі көйлек сатып алып беремін, алтыннан сырға тағамын,- деп армандаушы едім дейді әннің сөзінің де, әнінің де авторы Жанар Айжанова. – Әжеме тәтті жылы-жұмсақтарды арнайы сатып әкеліп беретінмін. Рахаттанып, маңдайы тершіп отырып шәй ішіп алатын. Алайда,  мен 18 жасқа толғанда әжем о дүниелік болып кетті. Көйлек, сырға  сыйлайтындай әлі оқуды бітіріп, табыс табатын жаста емес едім. Бұл әнім бірінші әжеме сосын анама арналды. Ақ шашты көрдім апау самайыңнан, Байқадым терең әжім маңдайыннан Жәудіреп жас балаша жаутаңдайсың, Сезіледі шаршағаның апау жанарыңнан Жәудіреп жас балаша жаутаңдайсың, Сезіледі шаршағаның апау жанарыңнан         

      -Шүкір ғой, шешем балаларының қызығын көрді. Талай көйлекті де тоздырды, сырғаның да сан атаулысын тақты. «Апау сенің арқаң»әнін алғашында сахнаға алып шығуға қымсынып жүрдім. Деседе, көп концерттің бірінің соңында елден рұқсат сұрап орындадым. Көпшіліктің жылы қабылдағаны сондай, орнынан тұрып алып ұзақ ду қол шапалақтап тұрып алды. Кейін кейбір орындаушылар менің жазғаным деп  сөзін өзгерте бергесін, әнді авторлар құқығы қоғамына тіркетуге тура келді.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер