Еңбекшілік Жәлидің әйелі ұл туып, ақ түйенің қарны жарылыпты. Нәрестенің есімін қоюға жақын-жуықтың бәрі ынта танытып, «Ұлы ақынмен аттас болсын, Абай қояйық» десіпті. Сөздің реті келіп тұрғанда өзін де өзгені де сойып салатын Жәлекең сонда:

 - Мені екінші Құнанбай деп тұрсыңдар ма, соқырдың бәрінен Абай тумайтын шығар... - дейтін көрінеді, әрі өзінің бір көзінің мүкістігін мегзеп, әрі ұлы адамның есіміне құрмет көрсетіп.

 Нұрмахан Елтай, жазушы-журналист 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер