«Ұзақ жылдар бойы,"Ақау Семей" әнін халық әні деп келдік. Деседе, әйгілі әннің иесі, Сырдың қызы Шолпан Жанболатқызы болып шықты. Шолпанды елдің бәрі бала күнінен «Қараторғай» атап кеткен. Әннің қайырмасында қате кеткен жері

Ақау,Семей!

Тіл мен көмей,-дейді. Анығы бір әріп ауысып шатысып кеткен. Дұрысы:

Ахау демей!

Тілмен мен көмей,- деген сөз.

    Шолпан апамыз 1880 жылы,Шиелі ауданы,Телікөл ауылында туып,1923 жылы Шымкенте қайтыс болған.Өмірі Семейді көрмей кеткен кісі,Өзбекстан жағына тұрмысқа шыққан. Ташкентте өз  орындауымен "Қараторғай","Айгөк","Ақау демей"тағы басқа әндерін тұңғыштың бірі боп граммофон  күйтабағына жаздырған. Бір айта кететін жері,өзбектің «Ялла» әншілер тобының орындауындағы "Қараторғай", "Үш құдық" әндері апамыздың өзбек жеріндегі кең танымал әндер болуы мүмкін. Қараторғай туралы жазушы Айтбай Хангелдин «Қараторғай» атты повесть (1970) жазды.

БОЛАТ ОМАРАЛИЕВ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер