Қазақтың қара баласы жусан дегенде ерекше сезімге бөленеді емес пе? Ұлан- байтақ даламыздың қай қиырына барсақ та, оны кездестіреміз. Жусан арғы-бергі қиыры атты адамға айшылық алыс жол болатын кең-байтақ жеріміздің сəнін кіргізіп тұрған секілді көрінеді. Жусан – күрделі гүлдер тұқымдасына жататын өсімдік, көп жылдық, кейде бір не екі шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішінде ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дəрілік қасиеттерінашқан Артемид құдайдың   құрметіне осылай атаған. Ертеректе олимпияда ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған.

         Римдіктер жусан тұнбасын асқазан    ауруларын        емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тəбетті арттырады деп есептеген. Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. Бір нəрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңіліңіз орнығады. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда өсетін бір түрі – дəрмененің дəрілік шөп ретінде ерекше мəні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтатау үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан құнарлы мал азығы, дəрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Сондай-ақ қазақ емшілері дəрмене жусанды ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырған. Ал қара жусанның тамыр тəбет ашуға, асқазан, бауыр, ішек, өт қалтасы ауруына ем ретінде пайдаланған екен. Ал бүгін осы əдісті жаңғыртып, оны медицинамен байланыстыра отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер