Сегіз Серінің  шығармашылығы тұрмақ ондай өнерпаздың өмірде болған болмағаны көп күмән туғызады. «Сегіз сері» десе тарихшылардың, әдебиеттанушылардың жаға ұстаспаса да, керілдесіп дауласқанын талай көрдім.

      «Ақбұлақ» әніне қатысты да өнертанушылар арасында даулы пікірталас бар. Әрине бұл тұста әннің әуені композитор Бәкір Тәжібаев екеніне ешкім сөз таластырмайды. Керемет ойнақы қайырманы сөзге салып әнге айналдырып жіберді. Алайда, «Ақбұлақ» сөзі Бәкір ағаныкі емес, Сегіз Серінікі,-деп дәлелдеп жүрген өнертанушылар да жетерлік.  Орыс патшалығынан қуғын көрген Сегіз Сері Батыста Махамбет және Исатаймен тізе қосып, бірнеше жыл араласқан-мыс.  Көрікті «Ақ  бұлақ» деген жерде сарбаздар демалып, табиғатына тамсанған екен дейді. Өлеңдегі «Исатай мен Махамбет, сенен атын суарған», болмаса «Айналайын, Ақбұлақ, сенен артық өлкені, Кіші жүзден табам ба?»-деген жерлерінін Бәкір ағамыз «Сенен артық өлкені, бұл әлемнен табамын ба?»деп өзгертіп жібергенге ұқсайды. Деседе, даулы мәселеге төреші болатын да біз емеспіз!

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер