Қазақ жігіттерінің қайрат-күшін сынайтын дәстүрдің бірі. Жілік сындыруға күшпен бірге айла-тәсіл де керек.

 Әсіресе тайдың жілігін сындыру өте қиын. Әдетте қой сүйектерінің ішінде ұрып сындыруға домалақ жілігі оңтайлы. Тай сүйектерінің ішінде жіліншік алынады. Сындырар кезде желекті қатты жерге етбетінен жатқызып қояды. Ұрудың да әдісі бар: көлденеңнен емес, ұзынынан ұрған ұтымды. Тайдың жілігін ұрғанда бір басын жерден 4-5 см көтеріп қояды. Жілікті кім болса да бір ұрғанда сындыруы керек. Қойдың ортаңғы жілігін бұрап сындыратындар да болған.

Тоғыз томдық «Қазақтар» анықтамалығынан

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер