Қазірде қазақ тілді сайттар қазан-ошақтың басындағы әйелдер айтатын өсек деңгейіне дейін түсіп кетті. «Анау ананы  масқара қылды», «....елдің ашуын тудырды», «.....ел дүрлікті»,-дейтін секілді арзан тақырыптар қойып, журналистиканың қадірін түсіріп болды. Әртістердің,шоумендердің өмірінен үзіп-жұлып бірдеңе жариялайды. Құтты бір қазақтың бәрі ажырасып, ұрыс-керіспен күн көріп жатқандай әсерде қаласың. Баянды болып, енді Алтынай Жорабаеваның жеке өмірін «зерттеп» жүр. Баянсыз Баянның тірлігінен жұрт әлдеқашан жеріп болған. Ана, Замира деген есуастың өтірік ашуланған видеосын жариялап  «ұпайын» түгендеп жүрген де қазақ сайттары, қазақ телеарналары.  Сауатсыз, ешбір не білімі, не білігі жоқ әлдекімдер сайтта жұмыс істейді. Ана...... Аяжан деген қыз ба, еркек пе біреудің біреумен төсектес болғанын айтып ышқырдың төңірегінде шыр айналып жүр. Оқырмандарын осындай тақырып арқылы сайтқа шақыру  ең бейшаралықтың белгісі деп білемін.

           Бір жылдары білесіздер ме, вокзал басында «Күн мен түн», «Сезім» тағы басқа атаумен арзан газеттердің саудасы жүрді. Олардың да жазатыны  да сол кезде төсектің төңірегінен аспайтын. Қазірде сол тірлікті «сайқал» сайттар жалғап әкетті.Осының барлығы қорытындылай келгенде ұлттың азғындауына себін тигізетін әрекет болып тұр. Өзіміз отырған бұтаны өзіміз аралап, құрдымға кетудің алдында тұрмыз. Ақырзаман төндірме    ймін, анығы сол.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер