Сатирик Көпен Әмірбековтың әйелі Алма Үмбетова –Көкшетаудан, Көрнекті ауылынан, Абылай заманында келген қырғыздардың ұрпағы. Ол Баянғалидан бес-алты ай ғана үлкен , бірақ, соны алға тартып, Баянғали Көпен ағасын жезде деп қалжыңдайды екен. Бір күні Көкшетауға келген Көпенді Баянғали Көрнектіге іздеп барады. Келсе, Көпен мен Алма есік алдында бір топ туыстарымен тұр екен. Құшақтасып, арқа-жарқа амандасқан соң, Көпен:

- Апырмай, адаспай қалай таптың?!-депті. Өзі кездейсоқ тұрып қалды ма, әлде, күйеу жолымен әдеп сақтаған түрі ме, есіктің босаға жағында тұр екен. Көрнекті Көпеннің Көрнектіде көпе-көрнеу көпейленіп тұрғанын көргесін, Баянғали:

 - Алатаудың қырғызын адаспай тапқанда , Көрнектінің қырғызын таппай не бопты? Мені қырғыздың төріне шығарған алла ғой, сені қырғыздың босағасына отырғызған Алма ғой! – деген екен.

Баянғали   ӘЛІМЖАНОВ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер