Бір ауылдың молдасы зират басында жұртшылыққа дауыс көтеріп, «өйтіңдер- бүйтіңдер»-, деп ұрсып, берекені алыпты.Ауылға келгесін, ас үстінде әлгі молдадан:

 - Аға, дін жолына түскенше , қандай жұмыс істедіңіз?- деп сұрапты Баянғали.

 - Шопыр болдым, милицияда істедім,- депті молда.

 - Е-е, бәсе ,көрініп тұр...Ол кезде бір жартыны қағып алып, біреу-міреуге ашулансаңыз , монтировканы да жіберіп қалған шығарсыз?

 - Болды ғой енді жастықта! Құдай таупих берді, қойдық бәрін!

 - Иә, қойғаныңыз жөн... Монтировка мен ментовский «методыңыз» молдалық жолға жараса қоймас ,- деген екен ақын.


Баянғали ӘЛІМЖАНОВ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер