Сағат Әшімбайұлының көзі тірісінде «Сын мұраты», «Талантқа тағзым», «Парасатқа құштарлық» атты үш кітабы жарық көрді де, «Шындыққа сүйіспеншілік» атты туындысы баспаға дайын болғанымен, қолжазба күйінде қалды. «Орнында бар оңалар»,-демекші, Әшімбаевтар отбасы кейін  жабылып жүріп танымал сыншының рухани мұрасын жарыққа шығарды.  Одан кейін  әр жылдарда әдеби-сын мақалалары топтастырылған «Ақиқатқа іңкәрлік», 60 жылдығына орай 2 томдық шығармалары, «Азаматтыққа адалдық»атты кітабымен оқырмандары әлдеқашан көзайым болды. Әдебиет пен рухани әлемде үзеңгілес болған әріптестері, қаламдас құрдастары, сырлас достары Сағатқа деген сағыныштарын «Күлкіңді жүрміз сағынып», «Жалындап өтті жас ғұмыр» деген атаумен шыққан естелік кітап арқылы жеткізді.Алайда, 44 жыл ғұмыр кешкен Сағаттың мұрасы бұл топтамалармен сарқылмақ тұрмақ, ортаймады. Биыл Әшімбаевтар әулеті 26 жыл бойы сырт көзден таса етіп келген Сағат ағаның күнделіктерін 70 жылдығына жария етуді жөн көрді.  
 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер