Бүгінде біз азамат деген сөзді көпшілік жерде, жеңіл айтатын дәрежеге жеткіздік. Ал шын мәнінде алты әріптен тұратын бұл сөздің астарында қиналғанға қамқор, жабырқағанға жанашыр, айбарлыға айбат болатын,тек халықтың ұлына телінетін теңеу сөз. Сағат Әшімбаев та азамат деген сөзді сол биіктен көрді. Қоғамдық сананы соған сүйрелей жүріп, өзі де соған ұмтылды. Азаматтық позициясын әдебиетте де, қоғамда да, журналистикада да тиянақтап алған сол кезде екі адам болса, соның бірі - Сағат Әшімбаев еді. Сөйтіп, рухани ғұмырын Сағат аға өз ұстанымы арқылы өзі ұзартты. 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер