Егер Сағат Әшібаевтың ұлт алдындағы жанашырлығы, ерлігі болмағанда 1986 жылғы алаңындағы  Желтоқсан оқиғасы бейнекамераға түсірілмей қалар ма еді, кім білсін?!Сол қанды оқиғадан қалған осы жан құлазытар көріністер Сағаттың азаматтығы арқасында таспаға түсірілді, телевизия тарихында қалды. Бәзбір «зиялылар» алаңда жазықсыз жастарға күні үшін «тараңдар»,-деп жекіп жатқанда, Сағат ұлт алдындағы сындарлы сәтте жастарға жанашырлық жасады.

          Содан Сағаттың басына шырға ілініп, бюроға қайта-қайта салды. Өзі басқарып отырған телерадиокомитетте Сағатқа «ұлтшыл», «қазақ тілінің жанашыры»,-деген айып тағу үшін топ құрылады.Сол кезде телеарнада маңдайы жарқырап бағдарлама жасап жүрген, қазірде "танымал" бірнеше қазақ журналисі лям-лим деп болысуға жарамай қалады.Есесіне, бағдарламаларын кәсіби сараптап, байыпты байлам жасап жүрген Сағатқа орыс редакциясы жақтасып шығып, " Әшімбаев ешқандай да ұлтшыл емес, интернационалист, нағыз адал жігіт",-деп алып қалған. Сөйтіп, қулығы мен сырығы ұзын Кеңестік биліктің Сағатты сүріндіргісі келгенімен, ештеңе өнбеді. 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер