Қазақ қыз-келіншектері тағатын әшекей бұйымдарының ішінде үш саусаққа бірдей киетін сақина бар. Ортасында не дөңгелек, не үшбұрышты әшекейі болады. Одан шынжырмен жалғасып келіп, білезік болып киіледі. Бұның барлығы бүтін бір әшекей. Ол көбінесе ұзатылардың алдында салынатын дүние. Жас қыз кезінде салмайды. Аталмыш бұйымның өзіндік мәні ерекше. Мүмкін, сіз біле бермейтін шығарсыз.

Бір білезікке жалғанған үш сақина... Осы жерде неліктен үшеу деген заңды сұрақ туындайды. Оның мағынасы былай екен:

      

«Бір саусақтағысы – нағашы жұрты, ортаңғысы – өз жұрты, ал үшінші саусақтағысы – қайын жұрты» деген мағынаны білдіреді. Осы үш жұрт бірігіп келіп, ортаңғы тұста отау құрылады. Осындай отаудан кейін отаның (белізігі) құрылады. Міне, көрдіңіздер ме, мұнда қаншама мән-мағына жатыр. Оны қолында таға жүріп, әр сәтте, әр мезетте ұрыс-керіс түгілі, бір ауыз өзінің наразылығын айтуға қымсынады, ұялатын болады. Осы үш жұрттың бірлігінен ғана өзінің отауының берекелі болатынын еске түсіріп отырады. Жалпы, қазақтың ырымы, қарапайым тыйымы, салт-дәстүрінің ешқайсысы ойсыз, мән-мағынасыз шықпаған. Оның бәрінің түбінде үлкен тәрбие жатыр. 

 

Дайындаған: Гүлниса Алдажар

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер