«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, білімнің биігіне көтерілген Сағат қоғамдық санаға ықпал етті. Ұлттың рухын оятты. Азаматтық болмыс ұлтқа қызмет істеуден тұратынын газетте жүріп оқырмандарына, телеарнада жүріп көрермендеріне ісімен дәлелдеді. Көпшілікті сөзіне иландырды. Қарапайымдығымен елдің ықыласына бөленді.Біреуден өш алу, кек алу секілді пенделік қараулықтан қашық тұрды. Сол адал сөзі мен жүрегінің тазалығына сенген жұрт «Сағат не кеңес айтар екен?», «Сағаттың пікіріне құлақ түрейік»,-деп күндіз жұмысына, кешкілік үйіне іздеп келетін болды. Шын мәнінде Сағат көтерме - көпшік сөзсіз әдебиеттің ұланы мен жас болса да абызы, ұлттың  ұлы бола білді. Өмір өлшемін ешқашан билікпен, қызметпен екшемей-ақ өтті. Бұл кез-келгеннің бақшасында піспейтін бақыт. Пешенесіне жазылмайтын ырзық-несібе.   

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер