Журналист, әдебиет сыншысы Сағат Әшімбайұлы студент күнінде драма театрға баруға ұялады екен. Ол түсінікті де. Ауылдан азын-аулақ тағамы, киім-кешек, жүріс-тұрысына жіберген қаржысына тек кітап сатып алып оқуға жұмсаған. Ондай жағдайда студенттің театрға барып, дұрыс киінуге шамасы қайдан келсін?!  

Айтпақшы, Сағат Әшімбайұлының әдебиет майданынан бөлек, махаббат қызық мол жылдары да бірінші курстан басталды. Ақ сезімінің, пәк сезімнің сыңарын алыстан іздеп сабылған жоқ.Қатар оқыған әдебиеттегі әріптесі, өмірдегі жан серігі Шәрбану Бейсеновамен сөз байласып, шаңырақ көтерді.Сол қайта оралмас жастық шақтың әрбір сәті Шәрбану апайдың көз алдында.  

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер