Белгiлi айтыскер ақын, прозашы, сыншы, әдебиетшi Баянғали Әлiмжановтың әкесi Тақан ақсақал – екiншi дүниежүзiлiк со­ғыстың екiншi топтағы мүге­дегi. Соғыстың басынан аяғына дейiн қатысып, Берлинге дейiн барып қайтқан. Екi рет ауыр, бiр рет жеңiл жараланған. Бiр жолы танк снарядының жарықшағы шекеден тиiп, әрең аман қалған екен.

1996 жылдың жазында соғыс мүгедектерiне жеңiл автомобиль берiлетiнiн естiп, ауырып жатқан ақсақал Баянғалиға: «Менi комиссияға апар!»– дептi. Аудан мен облыстағылар әрлi-берлi қарап, ақынға: «Анда барып өйтiп жiберсеңiз, мында барып бүйтiп жiберсеңiз, бiреу-мiреу­лер көмектесiп жiберсе, атай машина алуы мүмкiн», – деп ақыл берiптi. Сонда ақын: «Менiң әкем қанын блатпен төккен жоқ, машинаны да блатпен алмайды!» – деп, дәрiгердiң әдiл шешiмiне жүгiнiптi. Дәрiгерлер дұрыстап қарап: «Әкеңiздiң сырқаты бiр емес, бес кiсiге жетерлiк екен, он машиналық еңбегi бар екен!

Мұндай ардагерлер қазiр өте аз қалды ғой, бәрiне де машина берсе артық емес», – деп жылы сөзбен шығарып салыпты. Сөйт­се, заң бойынша, аяғынан ауыр жараланған кiсiге машина берi­ледi екен де, Тахаңның жарақаттары ол заңға жатпайды екен. Ақсақалды үйiне әкеле жатып Баянғали: «Ал ендi мазаны алмай тыныш жат үйде! Осының бәрiн әуелде ойламаған өзiңнен көр! Оққа басыңды тосқанша, аяғыңды тоса қоймадың ба!?» – деген екен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер