« Дерттің дендегені сондай  Аман Төлеевтің қозғалуға мүмкіндігі жоқ. Ұшақтан оны сүйемелдеп емес, көтеріп алып шыққан. Облыс әкімшілігі айтқандай, губернатордың қашан жұмысқа шығатынын дәрігерлер шешеді» деп Ресей басылымдары  Кемерово облысының губернаторы туралды ақпарат таратты.

          Басылымның хабары бойынша, өткен аптаның соңында бір жарым ай Мәскеуде емделген соң Аман Төлеев Кемеровоға қайтып келген. Ол Ресей астанасындағы Президент іс басқармасы орталық клиникалық ауруханасында емделген.

       Кей мәліметтер бойынша, губернатор өңірге Кенші күні мерекесінің 70 жылдығына қатысу үшін келген. Алайда, негізгі мерекелік шаралар Мәскеуде өтеді, сондықтан көмір компанияларының басшылары астанаға кетпек. «Онда Аман Төлеев те ұшуы керек еді. Бірақ ол қазіргі жағдайында ұшып бара ала ма, ол жағы белгісіз» деп басылым ақпарат беріпті.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер