https://youtu.be/-aq7y0zwGkM

      «Сөзімнің қыл сыймайды арасына». Құлмамбеттің осы бір ауыз сөзі өзінің айтыс өнеріндегі салмағын, орнын айшықтап тұр. Қазақ әдетте көзге ілегетін қыл-қыбырды дәлдіктің, әділдіктің символына айналдырып алған. «Қара қылды қақ жарған»,- деп әділдікті бағаласа, «қылдан май суырған»,-ден ептілікті ерекше бағалаған. Домбыра арқалап, айтыста күллі елдің сөз қадіріне айызын қандырған Оразалы Досбосынов сол Құлмамбеттің ұрпағы. «Құлмамбеттің құлынымын»,-деп атасын ардақтауының астарында қан арқылы келген қасиет жатыр. Тегі тебіндеп ұлдың тілінен, қазынасы таусылмас маржан сөзі көкейінен төгілді.  Ораздың эпик болу,тарихты терең білуі, өзгеге ұқсамайтын сөз саптауы, желісі-жорту, қарсыласының алдын тарылтпай, алқымынан алмай таза жеңуінде сондай ерекшелік жатыр. Атасы Құлмамбет «Мың бір түнді»жырлағанда 30 күн, 30 түн тоқтатпастан жырлаған екен. Одан туған құлын неге әлсіз болады.  Жамбыл ақынның: «Қаздай қалқып ерінбей, Өлең тердім жасымнан, Майкөт ақын, Құлмамбет, Орын берді қасынан»,-деген шумағы Құлмамбеттің өнер төріндегі орнын меңзеді. Демек, тектіден тексіздің тумайтыны заңдылық.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер