«Жүрек назы»  – Медеу шатқалдарында, өздеріңіздің жерлестеріңіз, ақын Құралай Омар екеуіміз көлікте келе жатқанда туған ән. Дереу диктофонға түсіріп алдым. Сосын Құралайға:  «Қазір бір шай ішіп аламыз, сосын сөзін жазасың» деп қолқа салдым. Айтқандай,сөз де жазылды.

      Осы «Жүрек назын» ұнатқан бір досымыз бейнеклиптің қаржысын көтерді.  Қ.Омар екеуміз ақылдаса отырып, клипті О.Бөкейдің «Жылымық» әңгімесінің желісі бойынша түсіруді дұрыс деп шештік. Бірақ Оралханды «сөйлету» оңай емес екен. Оралханды «сіңірген» кинорежиссер іздеп, Бейбіт Бөрі басқарған «Төрт тұғыр» студиясының кинорежиссері Әннас Бағдатқа сценарийін жаздырттым. «Жылымық» картинасы жоқ болғандықтан, Базархан Дәлелханға арнайы тапсырыспен сурет салдырдық. Қажет деген техника құралдарын тауып бердік. Клип емес, кино түсіргендей халде болдым.  Өйткені зиялы қауым сынмен қарайтын, Оралханды «тірілтетін» бұл түсірілімнің жауапкершілігі үлкен болды.

РОЗА ӘЛҚОЖА әнші

Сұхбаттасқан, Мәдина Серікқызы

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер