Шау тартқан әкесі мен анасын бағуға Индерге оралған Табылды Досымовтың  өмірі зарығумен өтті.  Алматыны аңсаумен өтті. Аудан деген аты болмаса ауылдан еш айырмасы жоқ елді-мекенде өзінің жанын қоярға жер таппады. Отбасына түскен қайғы да еңсесін басып жіберді.

Жалықтым. Жабықтым. Жаңа ұқтым,

Еңсемді езеді тамұқ-түн.

Сығалап қарадым мен оған,

Терезесінен табыттың.

 

Алқымнан алады кендір-мұң,

Көңілімді көрге де көндірдім.

Шаршаған шылымымның шоғын,

Қарашығыма сөндірдім.

       - 2000 жылдары  Иманғали Тасмағанбетов Атырау облысының әкімі болып қызмет істеген тұста Табылдының өнері еленіп, еңсесі бір серпілді.  Аудандық мәдениет бөлімінің бастығы болып тұрған тұста Табылды Алматыдан Атырауға іс-сапармен келген әнші, күйшілерді  Индерге арнайлап шақырып, әңгіме дүкен құрып, бір сәт болса да бой жазып қалды,-дейді ширек ғасыр жанында жүрген досы Сағынтай Бисенғалиев.- Ал, олар кеткесін көкірегін жалғыздық кернеп Индердің  төбесінен шығысқа қарай көз жүгіртіп, ауыр күрсінетін.  Жалғыздық  жалықтырды. Кең дүниені қапас көргеннен артық қасірет жоқ қой.   

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер