Қандай кәсіп иелері сұраныста болмақ?

Тоқырау жылдары зауыт-фабрикалар жабылып, өндіріс тоқтаған соң, жұмысшы мамандарды даярлау ісі қажет болмаған-тын. Бүгінде кәсіптік білім беру өз бағытын қайта тапқандай. Яғни, қазір жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие. Сондай-ақ, сарапшылар Астанада аудармашыларға сұраныс азаятынын болжап отыр. Ал «сәнге» айналған экономист, мұнайшы, кеден ісі секілді мамандықты таңдаушылар әлі де кездеседі. Алайда жұмыс орны аз. Сондықтан, биылғы жылдың түлектері техникалық мамандықтармен қоса, жұмысшы мамандықтарын (инженер-құрылысшы, металлург, дәнекерлеуші және т.б.) таңдауда. Алайда, мамандар 2-3 жылдан кейін оның да сұранысы төмендейтінін алға тартады. Ал, сұранысқа ие медицина мамандығы жылдар өтіп артпаса, төмендемейтін көрінеді.

Жылдар бойы Қазақстанда зерттеу жүргізетін мамандардың түлектерге берер кеңесі мынадай:

Мәдина Денисова, HeadHunter.kz порталының маркетинг және PR жөніндегі директоры сұранысқа ие мамандардың тізімін айтты:

 

ТОП-5 сұранысқа ие мамандықтар:

- Менеджерлер;

 - IT мамандары;

 - Қаржы және есепші мамандары;

 - Маркетинг саласы (маркетолог, PR маманы);

- Құрылыс мамандары.

 

Ал ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда техникалық мамандықтар сұранысқа ие екенін алға тартып отыр:

-   Дәнекерлеуші (сварщик);

-   Құрылысшы (строитель);

-   Автомеханик.

 

 

Ақпарат көзі: "Хабар" арнасы

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер