Жасындай жарқ етіп, көзден ғайып болған Оразалы Досбосыновты қара сөздің қадірін білген кез-келген қазақ таниды. Сөзге келгенде жорғадай тайпалып, кез-келген бәйгеде Құлмамбеттің құлыны қамшы салдырмай, көмбеден көрінетін. Тамсандық, таң қалдық, ақындардың ірісі, қара сөздің пірі,- деп аузымыздың сілекейі құрып, жата келіп мақтадық. Тіл өтті ме? Көз өтті ме? 

Оразалы «азаннан салса кешке озғандай дейтіндей ғой. Бұл Әбілхаяттың суындай мөлдір бұрқылдап қайнап жататын. Таусылмайтын. Саяз, дәңгірлек болса бір-екі шабыстан кейін қалады ғой»,-дейді айтыстың ақтаңгері туралы Маралтай ақын.

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер