Бірде 1913 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіне жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсетпей жатыр деген жала жабылып, қомақты штраф салынады. Бұл шағымды 1914 жылы біреудің атын жамылып, сол кездегі қазақ зиялыларының бірі жазды деген дерек те бар. Белгілі сомманы төлемесе, баспа өнімі жабылуы керек деген үкім шығады. Әрине, 1000 жылқыға тартатын қаражатты төлей алмайтынын біліп, басылымды жауып тастауға да болушы еді. Алайда, газеттің ғұмырын жалғастыру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлы өзінің бас бостандығын пида етіп, түрмеге отырып шығады. Оған басты себеп те бар.

«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушысы, редакторы, былайша айтқанда, қаржылай демеушісі, рухани жебеушісі – Ахмет Байтұрсынұлы, ал оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. Сондай-ақ, Әлихан Бөкейхан сынды Алаш ардақтысын қосқанда, үш алып кемеңгерлердің ынтымағы жарасып, «Қазақ» газетінің жұмысын бірге атқарды, жүгін бірге көтерді.

Сондықтан Ахаң өз дәуірінде абыроймен шығып тұрған басылымның негізсіз жабылып қалмауы үшін қайтсе де жолын табуға тырысты.  Өйткені, «Қазақ» газеті туған халқының оқу-өнерге сусап, шөлдеп қалған мейірін қандырып, білім теңізіне армансыз шомылуына бар пейілін салды. Газет XX ғасыр басында көзі ашық, көкірегі ояу оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналған еді. Бір сөзбен айтқанда, халықтың тіл байлығын қаз-қалпында айнаға түскендей бейнелеп берген энциклопедиялық басылым болды. Әрі, Ахаңның өзі айтқандай, «Қазақ» газеті – халықтың көзі, құлағы һәм тілі…» болды.

Газет рәміздік – бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл – қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

Кейін белгілі болғандай, шағымды жазған сол кездегі қоғам қайраткері, заңгер Бақытжан Қаратаевтың есімін аталады. Бұл туралы 1917 жылы М. Дулатұлы мақаласында жазады.

Сонда бұл қалай болғаны? Қазаққа қазақ ор қазғаны ма, әлде, араға салынған іріткілердің бірі болғаны ма?

 

 

 

 

Дайындаған: Гүлниса Алдажар



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер

var _zero_kz_ = _zero_kz_ || []; _zero_kz_.push(["id", 55976]); _zero_kz_.push(["type", 1]); (function () { var a = document.getElementsByTagName("script")[0], s = document.createElement("script"); s.type = "text/javascript"; s.async = true; s.src = (document.location.protocol == "https:" ? "https:" : "http:") + "//c.zero.kz/z.js"; a.parentNode.insertBefore(s, a); })(); //-->