Бұл «Ақмаржан» атауы әнші Заттыбек Көпболсынұлының айтып жүрген «Ақмаржан» әніне  ешбір қатысы жоқ. Бұл тақырып Сыр өңірінің ғана емес, Қазақстанның ырзығы болған «Ақмаржан» күріші туралы өрбімек. – «Маржан» күрішіне атау қойған кезімде жалғыз қызым Маржан 6 жаста болатын. Өзім 30 жастағы жас ғалыммын. Еркелеткен қызымның есімін ғылыми жетістігіме ендеп, жаңа  күріш сорты сынақ алаңына егілетін кезде «Маржан» деп жаздыртып жібердім,-дейді «Маржан» күріш сортының авторы Құрманбек Бәкіров сұхбат барысында. – Содан жаңа сорттың шығымы, түсімі ерекше болып, ғалым ретінде атым шықты. Содан ел жаңа күрішке  разы болып Маржан сөзінің алдына ақты қосып, «Ақмаржан» атап кетті. Енді ақты кімнің қосқанын нақты мына адам деп айта алмаймын. Ел ықыласы солай болды,-дейді ауылшаруашылық ғылымың докторы. Қазірде Құрманбек аға 73 жасқа толса, аты әйгеленген Маржан қыз 46 жасқа толған бір отбасының ұйытқысы, 2 баланың анасы.

 

Сұхбаттасқан НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер