Вашингтонда Астананың 20 жылдығына арналған велошеру өтті

Вашингтонда Астананың 20 жылдығына арналған велошеру өтті. Оған АҚШ-та тұратын жерлестеріміз, дипломаттар мен Қазақстанда болған америкалықтар қатысты. Қазақстан елшілігінен басталған шеру Вашингтонның 20 көрікті жерін басып өтті. Арасында Ақ Үй Линкольн мемориалы, Капитолий мен өзге де қаланың белгілі нысандары бар. Шеруден кейін қатысушылар киіз үйде қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.   

ӘМІРХАН МУКАШЕВ, АҚШ-ТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақстандықтарды елордамыздың 20 жылдығымен құттықтаймыз.  Астананың Еуразиямен қатар, бүкіл әлемнің мәдени мен қаржы орталығына айналуын тілейміз. Жас астанамыз дамып, гүлдене берсін. Мұның бәріне Президентіміздің еңбегінің арқасында жеттік. Оған алғысымыз шексіз.

ЖҰЛДЫЗ МАРАТҚЫЗЫ: 

 - Астанамызға 20 жыл болды. Соны бәріміз тойлап, бірлігіміз жарасқан деп, бәріміз тойлап келдік осында. Қазақстанымыз жасай берсін, Астанамыз гүлдей берсін, тәуелсіздігіміз мықты болсын!

САРА ТЕННЕН, ВАШИНГТОН ТҰРҒЫНЫ:

 - Біз алғаш рет Астанада 2007 жылы болдық. Қазақстан астанасының 20-жылдық мерейтойының осы жерде де аталып өтіп жатқандығына қуаныштымыз. Соңғы рет 2009 жылы Қазақстанға жол түскен еді. Алдағы уақытта тамаша сәулетімен таң қалдырған әсем қалаға алдағы уақытта тағы да сапар шегеміз деген үміттеміз.