Елорда мерейтойына орай ботаникалық бақ ашылды

Елорда мерейтойына орай ботаникалық бақ ашылды

Елорда мерейтойына орай ботаникалық бақ ашылды. Еуразиялық кеңістіктегі бірегей нысанды құру тұжырымасына ТМД елдерінің Германия, Италия, Франция елдерінің белгілі ғалымдары мен басшылары атсалысты. Мамандардың айтуынша, ботаникалық бақты ғылыми және әлеуметтік-мәдени орталық ретінде қарау керек. Мұнда «Алыс Шығыс», «Сібір», «Еуропа», «Шығыс Азия» сынды экспозициялар бой көтереді. Бақ қызметкерлері жойылып бара жатқан өсімдіктерді өсіріп қана қоймай, тіпті жаңа түрлерін шығаруды көздеп отыр.

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

 - Біздің ғалымдарымыз қазір жаңа тәсілдерді игеріп, молекулярлық генетикалық тәсілдерді игеріп, селекциямен айналысатын болады. Яғни жайылымдық жерлердің өсімдіктерін қайта келтіріп, жаңа селекция, жаңа сорттарды шығаратын болады.

ДМИТРИЙ ГЕЛЬТМАН, В.Л.КОМАРОВ АТЫНДАҒЫ  БОТАНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Ботаникалық бақтың географиялық орналасқанын тиімді пайдалана білуіміз қажет. Астанадағы бақтың тағы бір ерекшелігі, экзотикалық өсімдіктермен бірге дала флорасы болуы мүмкін. Ол Қазақстан қоғамдастығымен бірге, бүкіл Еуразия және әлемнің басқа да елдері қоғамдастығын таныстыра алады. Мысалы, неліктен солтүстікамерикалық жайылым экспозициясын құрмасқа?

Елордадағы Ботаникалық бақтың жалпы аумағы – 92 гектар. Ауқымды жобаның жалпы құны – 23 млрд теңге. Жасыл желекті нысан қала тұрғындары мен туристер үшін де аса тартымды болмақ.