Ашық аспан астындағы би. Елордада ІІІ халықаралық дәстүрлі би фестивалі өтті. Шараға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді, - дейді ұйымдастырушылар. Биыл фестивальге Түркия, Алтай өңірі, Башқұртстан, Македония сынды елдердің және жергілікті өнерпаздар қатысты. Қалалық алаңға жиналған жұртшылық би ұжымдары мен жеке солистердің өнерлерін тамашалады. Ұлттық киімдегі мың бұралған бишілердің қойылымдары олардың көңілінен шықты.

ШКЕЛЬКИМ БАЙРАМИ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ /МАКЕДОНИЯ/:

 - Мен Македония елінен келсем де, осы фестивальде Албания ұлттық биін ұсынамын. «Шашу» фестке және жалпы Астана қаласына бұл менің алғаш келуім. Жаңа ғана сахнаға шыққан қазақ бишілерін көріп таңданысымды жасыра алмай тұрмын. Көрермендерге менің де өнерім ұнайды деген сенімдемін. 

НҰРБОЛ БАЛАПАНОВ, КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Былтыр республика бойынша 2 және сырт мемлекеттен де 2 ұжым қабылдаған болатынбыз. Осы жылы фестиваль ережесін біраз өзгертіп, іс-шараны ауқымдырақ өткізсек пе деген оймен бірнеше ұжымдарды тағы да енгіздік. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер