Астана – бейбітшілік пен келісім орталығы

Астана – бейбітшілік пен келісім орталығы. Елордада Астананың 20 жылдық мерейтойына халықаралық конференция арналды. Шараны өткізуге Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы мен Тұңғыш Президент – Елбасы қоры жетекшілік жасады. Конференцияға қатысу үшін Астанаға 200-ге жуық сарапшы келді. Олар қоғамда маңызы бар ғылым, IT, өнер мен саясат, экономиканы және халықаралық қатынастарды жақсартуға бағытталған жобаларымен бөлісіп, үздік тәжірибесімен алмасып, көптеген ұлттың өкілі мекендеген қазақ елінің татулық пен тұрақтылықты орнатудағы тәжірибесімен танысты. Конференция қорытындысы бойынша Қазақстанның халықаралық аренадағы бейбітшілік және келісім орталығы ретінде мәртебесі расталып, ұсыныстар әзірленеді.

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ ҚОРЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:  

 - Мұндай үлкен дәрежедегі сарапшылардың пікір алмасуы жастарды тәрбиелеуші өнертанушы, мәдениеттанушы адамдардың өзіне керек. Яғни біз тек қана жастарды өсіру, жастарды тәрбиелеу деген мәселеге кешенді түрде қарайтын болсақ, ол жастарға ғана жағдай жасап қою ғана емес. Жастарды тәрбиелейтін мамандармен, эксперттермен ой бөлісу, басқа да озық, үздік тәжірибелерден ақпар алу.