Жақын арада Еуразияның жүрегінде орналасқан Астана 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Жасына қарамастан, еліміздің бас қаласы әлем бейнесі мен бейбітшілік, береке мен өркендеу, сондай-ақ көптеген мемлекеттер үшін үлгіге айналып үлгерді. Мұны шетелдік саясаткерлер, беделді ғалымдар, мәдениет және өнер өкілдері құттықтауларында ерекше атап өтті.

ПРАБХАТ КУМАР, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮНДІСТАННЫҢ ЕЛШІСІ:

 - Астана 20 жыл бұрын салынған. Осы уақыт ішінде Қазақстанның бас шаһары таңғаларлықтай өзгерді. Астана әлемдік деңгейдегі қалаға айналды деп айтуға болады. Атап өтетін болсам, EXPO-2017, ШЫҰ саммиті және басқалар сияқты ірі іс-шараларда жаһандық ауқымдағы мәселелер көтерілген әлемдік тартылыс орталығына айналды. Қазақстан халқын Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Қалаға әлемдік беделге ие болу үшін одан әрі гүлденуді тілеймін.

Елорданың мерейтойымен қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаулар бүкіл әлемнен келіп жатыр. Олардың қатарында Америка Құрама Штаттарының азаматтар да бар.

ДЖОН ЭГАМО, НЬЮ-ЙОРКТЕГІ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР КЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Мен сіздерді Қазақстанның елордасы Астананың 20 жылдығымен құттықтағым келеді. Нью-Йорк Ұлттық өнер клубы үшін бұл өте үлкен шара, осы мейрамды сіздермен бірге атап өтпекпіз. Сол себепті, Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайының көрмесін ұйымдастырып, туындыларын зор мақтанышпен жұртқа көрсетіп отырмыз. Бұл Қазақстан мен АҚШ-ты жалғаған тағы бір көпір болды.

МИХАЭЛЬ КОЛЕМАН, ПИАНИСТ:

 - Қазақстанды өте жақсы көремін. Екінші отаным деп те атаймын. Астанаға барғанда, уақытым керемет өтеді, музыкалық тәжірибе жинап келемін. Барша қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтаймын. Елдеріңіз ертегідегідей тамаша. Қайта баруды армандап жүрмін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер