Ер Түріктің бесігі – Түркістан өлкесінің өнерпаздары Астанаға әуезді тарту жасап, Арқа төрін ән мен күйге бөледі. Елордада «Шарықтаған Оңтүстіктің әндері-ай» мерекелік концерті өтті. Мәдени сабақтастықты айғақтайтын игі шара Түркістан облысының Астанадағы күндері аясында ұйымдастырылды. «Ән мен күй әлдилейді бас шаһарды» атты сазды бағдарлама салтанат құрған «Этноауыл» алаңында  Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды. Сондай-ақ кештің көркін ҚР еңбек сіңірген әртісі Сәбира Абдраимова, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Әлден Жақсыбеков, «Қазына», «Тұмар»  фольклорлық ансамбльдері аша түсті.

АСЫЛХАН ТЕМІРХАНҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Жалпы Астана қаласының 20 жылдығына ғана емес, елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында да бірқатар іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Аталмыш бағдарлама аясында оңтүстікте түсірген анимациялық және көркем фильмдердің қойылымы болды.  

АҚЖАНЫЛ ИСАТАЙ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Концерт маған өте ұнады. Кеше де Конгресс-холлдың Орталық концерт залында өткен концертке бардым. Онда жақсы көрме болды, оңтүстіктің суреттері көркем, киімдері ерекше екен. Бәріміз көріп, қуанып жатырмыз. Концертке де көңіліміз толды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер