Әлемдегі кез келген шаһардың визиткасы - қалалық сәулет объектісі. Сәулетті ғимарат құрылыстарын Астанада да кезіктіруге болады. Қазақстанның астанасы бірегей әкімшілік, мәдени және тұрғын-үй ғимараттарымен танымал. Көпірлер заманауи мегаполистің пайда болуында маңызды рөл атқарады. Олар қаланың оң және сол жағалауларын біріктіреді. Көп ұзамай елордада тағы бір осындай нысан салынатын болады. Бұл «Жібек жолының алтын көпірі» кешені. Ол қала әкімдерінің жаһандық саммитіне арнайы салынбақ. Халықаралық шара шілде айының басында Астанада өтеді. Алтын көпір - әйгілі қытай сәулетшісі Шу Юннің жобасы. Құрылыстың басты элементі 20 мың кәріптас кірпіш болмақ, онда Ұлы Жібек жолы елдерінің ұлттық гүлдері салынады.

ЖАНЕТТА ЕСКЕНОВА, ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАЛАЛАРЫ МЭРЛЕРІНІҢ ЖАҺАНДЫҚ ФОРУМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

─ Суретші Ши Юнның идеясы «Бір белдеу, бір жол» жобасының жүзеге асырылуынан шабыттанды. Сондықтан ол барлық ұлттардың бірігуін осы көпір кірпіштері арқылы шоғырландыруды шешті. Ұлы Жібек жолы көпірінің бойындағы әр кірпішке белгілі бір елдің нышаны іспеттес бір гүл қойылмақ. Олардың жалпы саны - 53, яғни Жібек жолы елдерінің 53 ірі қаласын бейнелейді.

Астанада барлығы 17 көпір бар. Ең бірінші болып Есіл өзенінің өткелі салынды. Кейінірек оны бұзып, заманауи сәулетті көпір тұрғызылды.

Әдеттегіден бөлек диагональды аркамен қиылысқан бұл өткелді сарапшылар Астанадағы ең ерекше  құрылыстардың қатарына жатқызады.

АРЛАН КАШКИМБАЕВ, «КАЗДОРПРОЕКТ» КӨПІР БӨЛІМІНІҢ НЕГІЗГІ ИНЖЕНЕРІ:

─ Бірде-бір көпір қайталанбаған, тіпті типтік, кез келген жерде геология әртүрлі, бір жерде гидрологиялық қандай да бір деректер болады. Осыған ұқсас бір көпір жоқ, тіпті олар бірге тұрса да, оларды оңай ажыратуға болады.

Астанадағы негізгі көпірлер мен жол айрықтарынан басқа, шамамен 40 шағын және 4 жаяу жүргінші жолы бар. Көп ұзамай олар бір өткелге көбейетін болады. Ол Самал ауданы мен қазір салынып жатқан Амфитеатрды байланыстырады. Бұл көпір Атырау облысының Астанаға сыйлығы.

ЖАСҰЛАН БИСЕМБАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:

─ Астананың 20 жылдығын тойлау аясында Атырау облысы атынан қаланың қақ ортасынан велосипед және жаяу жүргінші көпірі салынды. Бұл нысан астаналықтардың демалысты өткізу үшін жақсы орын. Айта кетейік, объект жергілікті бюджет пен демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Астана әкімдігінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың соңына дейін елордада Есіл өзені арқылы жаңа көпір салынады. Ол Қазақ елі монументі алаңынан бастап қарқындап дамып келе жатқан EXPO аймағын байланыстырады. Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2030 жылға қарай Астанада барлығы 30 көпір салу жоспарлануда.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер