Елорданың құжаттық жылнамасы. Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Елдің төрі – Елорда» көрмесі ашылды. Бұл жерде Алатау баурайынан Арқа төріне көшірілген бас шаһардың құрылуынан бастап, бүгінгі кешенді даму қарқынынан сыр шертер мемлекеттік маңызға ие мұрағат құжаттармен танысуға болады. Ұйымдастырушылар, жұртшылық назарына ұсынылған әр материалдың өзіндік тарихы бар екенін айтады. Мәселен, жаңа шаһардың бірнеше жылға межеленген бас құрылыс жоспары, қаланың атын өзгерту мен түрлі мемлекеттік мекемелердің көшін баяндайтын ресми қағаздардың сан-алуан түрі қойылған. Сондай-ақ келушілер бас шаһардың бүгінгі жарасымды келбетіне жетуі мен қаланың тыныс-тіршілігін бейнелейтін фото суреттерді тамашалай алады.   

ЖАНГЕЛДИ МАХАШОВ, ҰЛТТЫҚ МҰРАҒАТ ДИРЕКТОРЫ:

─ Біздің бұл құжаттарымыз ғасырлар бойы мәңгіге сақталатын болады. Болашақ ұрпақтарымызға осының бәрін жеткізу керек. Олар қас қағым сәтте көтерілген қаланың тарихын білуі керек. Әлемде бұндай жылдам құрылыс мекені болған емес. Бұл әлі еш жерде тіркелмеген феномен. Ұлт мақтанышы. Келешекте бұл зерттеушілер үшін мол мәлімет базасы болмақ. Көрме бір айға  жалғасады.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер