«Самғау-2018» фильмдер фестивалінің қорытындысы Астана күнінде жарияланады

«Самғау-2018» фильмдер фестивалінің қорытындысы Астана күнінде жарияланады

«Самғау-2018» қысқа метражды фильмдер фестивалінің қорытындысы Астана күнінің мерейтойы қарсаңында жарияланбақ. Қазақстан елордасының 20 жылдығына орайластырылған сайыс жеңімпаздары Шымкент қаласында шілденің 5 күні белгілі болады. Өтінімдер шілденің 1-не дейін қабылданады. Дәстүрге айналған қысқа метражды фильмдердің байқауына 14 пен 29 жас аралағындағы жас режиссерлер өз туындыларын жібере алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 5-10 минуттық шағын туындыда отбасы құндылықтары, жемқорлықпен күрес, спорт және бас қала Астана тақырыптары көрініс табуы тиіс.

БЕРЕКЕ ДҮЙСЕБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕССУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз бұл фестиваль арқылы киноиндустрия саласында жаңа талантты жастарды тәрбиелемекпіз. Кейін оларды республикалық немесе халықаралық сайыстарда өз бақтарын сынауға дайындаймыз. Конкурс қорытындысы мереке күні қарсаңында, келесі айдың басында жарияланады.