Астана еліміздің туризм орталығына айналып келеді. Былтырдың өзінде елордамызға 800 мыңнан аса турист келген. Соның ішінде тек Қытайдың бір өзінен 100 мыңға жуық саяхатшы Астанамызды көруге арнайы келіпті. Сондай-ақ елорданың тыныс-тіршілігі және көрікті жерлері Ресей, Германия, АҚШ елдерінің туристерін де қызықтырады. 2020 жылға дейін қала әкімдігі шаһар қонақтарының саны 2 миллионға жетеді деп жоспарлап отыр. 

ӘЙГЕРІМ МҰХАМЕДЖАНОВА, ЕЛОРДАЛЫҚ ТУРИЗМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - 20 жылдың ішінде Астанамыз үлкен дәрежеге жетті. Туристік инфрақұрылым, транспорттық, логистикалық жылдан жылға дамып тұр. Нарықта үлкен қонақүйлер бар. Шетелдік байланыстар нығайып жатыр. 70 шақты мемлекетпен визасыз режим ұйымдастырылды. Қытаймен туристік қарым-қатынасты нығайту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 14 маусымда «Қазақ түні» мерекелік шарасын өткіземіз.

Бүгінде елордамызда экскурсия жүргізетін гидтердің реестрі жасалған. Туризм қауымдастығында тіркелген олар арнайы куәлік алып, барлық туристік нысандарға ақысыз кіре алады. Жергілікті гидтер қала қонақтарына экскурсияның бірнеше түрін ұсынуға әзір. 

АЙСҰЛУ ІРГЕБАЕВА, ТУРИСТІК КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

 - Тақырыптар мен бағыттарға байланысты шамамен 10-12 турдан тұратын экскурсия жасаймыз. Мектеп оқушыларын Жоғары оқу орындарына апарамыз, отансүйгіштік тақырыпта ҚР Тұңғыш Президент мұражайы, Ұлттық мұражайларға саяхат жасаймыз. Көбінесе туристер саябақтарда жай серуендеп, еліміздің тарихымен танысқанды жөн көреді. 

20 жыл ішінде Астана халықаралық деңгейдегі оқиғалар өтетін орталыққа айналды. Былтыр еліміздің бас қаласы ЕХРО мамандандырылған көрмесін қабылдады. Ресми мәліметке сәйкес, ауқымды шараға 4 млн-ға жуық адам келген. Соның ішінде 187 елдің азаматтары бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер