Елордада «Теңге ілу» мен «Аударыспақтан» Азия чемпионаты өтеді

Елордада «Теңге ілу» мен «Аударыспақтан» Азия чемпионаты өтеді

Ертең  елордада «Теңге ілу» мен «Аударыспақтан» Азия чемпионаты басталады. Астананың 20 жылдығына орайластырылған дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Қытай мен Түркия сынды 9 елден жалпы саны 54 спортшы қатыспақ. Оның 44-і аударыспақ бойынша сынға түседі. «Теңге ілуден» екінші, «Аударыспақтан» үшінші рет өтетін Азия чемпионатының жалпы жүлде қоры – 14 миллион теңге. Жарысты тамашалауға ЮНЕСКО-ның дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінен өкілдер келді. 

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:  

 - ЮНЕСКО аясында 2021 жылы ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылуы мүмкін алғашқы олимпиада ойындарын өткізуге лайық 4 мемлекеттің қатарында Қазақстан да бар. Сондықтан ЮНЕСКО-ның өкілдері Астанадағы Азия чемпионаттарын тамашалаумен ғана шектелмей біздің елдегі ұлттық спорт жарыстарының ұйымдастырылуы мен насихатталуын көруге арнайы келе жатыр. Егер Ұлттық спортымыздың даму деңгейі мен насихатталуы, 2 Азия чемпионатының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары деңгейде өтсе, әрине онда біз 2021 жылы алғашқы ұлттық спорт түрлерінен олимпиада ойындарын Астанада өткізуге толық мүмкіндігіміз бар.