Юлия Галышева Пхенчхан Олимпиадасынан қола медаль жеңіп алды

Юлия Галышева Пхенчхан Олимпиадасынан қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Олимпиада ойындарындағы могул сайысының финалдық кезеңінің соңғы сатысында бақ сынап, қола медальға қол жеткізді.

Еліміз жанкүйерлері үлкен үміт күткен Юлия алғашқы финалдық кезеңде 75,10 ұпай жинап (7 орын), екінші финалға жолдама алған болатын.

12 фристайлшы бақ сынаған екінші финалда Галышева 76,81 ұпай жинап (6-шы орын), финалдың соңғы кезеңіне шықты.

Ал үздік алты спортшының арасында алғашқы болып жарыс жолына шыққан отандасымыз 77,40 ұпай жинады. Бұл нәижесі оны Олимпиаданың қола жүлдегері қылды.